Головкиннің күші мен ойлағаннан да көп екен - Уэйд

24 Сәуір 2016, 11:55
0

Америкалық боксшы Доминик Уэйд қазақстандық Геннадий Головкинге шамасы келмегенін мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске салайық, Головкин IBF белбеуіне міндетті үміткер Доминик Уэйдті бүгін таңда екінші раундта нокаутқа түсіріп, 35-ші жеңісіне қол жеткізген еді. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі "Форум" аренасында өтті. 

"Оның күші бар. Оның күші тіпті мен күткеннен де көп екен, - деді Уэйд жекпе-жектен кейін. - Мен рингте бейімделгім келген. Бірақ оның соққысы тиген кезде мұны жүзеге асыру қиын. Мен басқаша жұдырықтаса алар едім, - бірақ ол ұлы чемпион, чемпион болуына қажеттінің бәрі бар". Айта кетейік, Уэйд тұңғыш рет жеңіліп отыр. Головкинге дейін америкалық 18 жекпе-жекте жеңіске жеткен, оның 12-сін уақытынан бұрын аяқтаған.

Геннадий Головкин осылайша WBA титулын осымен 16-шы рет, IBO титулын 13-ші рет, WBC (Interim) титулын төртінші рет және IBF титулын бірінші рет қорғап қалды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай