Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) допинг дауына қатысты жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) допинг дауына қатысты жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Мұның алдында ағайынды Чарлолар қазанда допинг-тест тапсырмағаны хабарланған еді.
"Тест тапсырмау одан өтпей қалғанды білдірмейді. Бұл таңдалып жасалатын тест және тапсыратын күнді WBC бағдарламасы белгілейді. Келесі жекпе-жектің FOX-тағы жарнамалық науқанына қатысқандықтан қалада болмадық. Дерекке сену қажет. Қайталап айтайын, хейтерлер жек көру керек, олардың жұмысы сол", - деп жазыпты Чарло Twitter желісіндегі парақшасында.
Missed the Test not Failed you idiots.. It's Random and wbc program or Whoever they are Randomly chose a day we were out of town doing promotional stuff on Fox for the Next fight. Get ya facts straight. I like I said Haters must Hate it's the Job!! #RealFansKnow #FakeOnesDieSlow
— Jermall Charlo (@FutureOfBoxing) 27 ноября 2018 г.
Бұл жағдайға қатысты Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ағайынды Чарлоларға айыппұл салды. Келесі жылдан бастап ұйым мұндай ереже бұзу үшін жазаны қатаңдатпақ.
Айта кетейік, ағайынды Чарлолар 22 желтоқсанда Нью-Йоркте белбеулерін қорғайды: Джермелл Тони Харрисонмен, ал Джермалл Вилли Монромен жұдырықтасады.