ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қараша 2018 | 17:25
Головкиннің міндетті қарсыласы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады
Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) допинг дауына қатысты жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) допинг дауына қатысты жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Мұның алдында ағайынды Чарлолар қазанда допинг-тест тапсырмағаны хабарланған еді.
"Тест тапсырмау одан өтпей қалғанды білдірмейді. Бұл таңдалып жасалатын тест және тапсыратын күнді WBC бағдарламасы белгілейді. Келесі жекпе-жектің FOX-тағы жарнамалық науқанына қатысқандықтан қалада болмадық. Дерекке сену қажет. Қайталап айтайын, хейтерлер жек көру керек, олардың жұмысы сол", - деп жазыпты Чарло Twitter желісіндегі парақшасында.
Missed the Test not Failed you idiots.. It's Random and wbc program or Whoever they are Randomly chose a day we were out of town doing promotional stuff on Fox for the Next fight. Get ya facts straight. I like I said Haters must Hate it's the Job!! #RealFansKnow #FakeOnesDieSlow
— Jermall Charlo (@FutureOfBoxing) 27 ноября 2018 г.Бұл жағдайға қатысты Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ағайынды Чарлоларға айыппұл салды. Келесі жылдан бастап ұйым мұндай ереже бұзу үшін жазаны қатаңдатпақ.
Айта кетейік, ағайынды Чарлолар 22 желтоқсанда Нью-Йоркте белбеулерін қорғайды: Джермелл Тони Харрисонмен, ал Джермалл Вилли Монромен жұдырықтасады.
Показать комментарии
Читайте также