Головкиннің промоутері әнұран орындағысы келмеді деген айыптауларға жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© boxmir.com © boxmir.com

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер әріптесі Оскар Де Ла Хойяның қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жек алдында ұлттық әнұрандарды орындаудан бас тартты деген сөзіне жауабын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер әріптесі Оскар Де Ла Хойяның қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жек алдында ұлттық әнұрандарды орындаудан бас тартты деген сөзіне жауабын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Де Ла Хойяның сөзінше, мұндай ұсынысты Головкиннің командасы айтқан. Осылайша, ол қазақстандықтың отансүйгіштігіне күмән келтірген.

"Тыңдаңыздар, олар бұл ақымақтықты қоюы керек. Олар елдерін қолдамай ма? Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында әнұрандар орындалмасын дейді. Бұл бокстың салты. Чемпиондық жекпе-жектер алдында әнұранның орындалуы - жасалуы керек рәсім. Бұл өзіңді үлкен бір оқиғаның бөлшегі ретінде сезіндіреді.

Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында Қазақстан, Мексика мен АҚШ әнұрандары орындалғанын қаламай тұр. Тағы қандай талап қояды? Құдайым-ау, енді жекпе-жекті де өткізбейтін шығармыз? Жәй ғана бар да, жұдырықтассаңшы!" - деген еді Де Ла Хоя.

Алайда Леффлер әріптесінің сөзін жалған деді.

"Оскардың айтқанын алғаш естіп отырмын, бұл жалған, - деп келтіреді Леффлердің сөзін boxing247.com. - Ал шынына келгенде Головкиннің командасы Қазақстан, Мексика және АҚШ-тың әнұрандары PPV тарнсляциялар басталмай тұрып орындалуын сұраған. Бұл жекпе-жектердің кідіріссіз өткізілуіне мүмкіндік береді. HBO арнасы бұл ойды қолдап, әнұрандар үнемі трансляция басталмай тұрып орындалуын қалайды. Ал Геннадий өз елі Қазақстанның, Мексика мен тұрып жатқан АҚШ әнұрандарына құрметі жоқ деу артық, жалған екені анық. Оскар және "Канело" Геннадийге тағы бір кешірім қарыз болды. Бұл Геннадий "Канело" тарапына неліктен сенбейтінін тағы да ашып көрсетіп тұр".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro