Головкиннің промоутері Том Леффлер Халықаралық бокс федерациясының (IBF) басшылығымен кездесіп, қазақстандық боксшының биыл 3 тамызға дейін украиналық Деревянченкомен міндетті жекпе-жекті өткізу туралы қойған міндетін талқыламақшы, деп хабарлады Vesti.kz.
Головкиннің промоутері Том Леффлер Халықаралық бокс федерациясының (IBF) басшылығымен кездесіп, қазақстандық боксшының биыл 3 тамызға дейін украиналық Деревянченкомен міндетті жекпе-жекті өткізу туралы қойған міндетін талқыламақшы, деп хабарлады Vesti.kz.
Айта кетейік, егер Головкин Деревянченкомен міндетті жекпе-жекті өткізбесе IBF белдігінен айырылады.
"Нью-Джерсиге барып, IBF-пен кездесемін. Өздеріңіз де білесіздер, IBF Мартиросянмен кездесу өткізу үшін міндетті жекпе-жектің уақытын шегеруге рұқсат беріп, есесіне өз талаптарын қойды. Біз бұған дейін олардың шешімін апелляцияға бердік. Олардың қаулысы өз ережелеріне қарсы келеді, деп есептейміз. Сол үшін кездесіп, жағдайды талқылағымыз келеді, - деді ол.
Промоутердің айтуынша, жекпе-жектердің өтпей қалуына Головкиннің еш қатысы жоқ.
"Болған жағдайдың Головкинге еш қатысы жоқ деп есептеймін. Біз WBC титулын қорғау үшін міндетті жекпе-жекті (Альвареске қарсы) өткізбекші едік, енді олардың (WBC) кезегі. Деревянченко 5 мамырда жұдырықтасуға дайын болмады. Енді IBF өзінің міндетті үміткерін таңып отыр. Мен отырып, Лу Дибелламен (Дервянченконың промоутері) талқыласам деп едім. Оның позициясын естігім келеді", - деп келтірді Леффлердің сөзін vRINGe.com.
Сонымен қатар, промоутер Головкиннің 2018 жылы тағы екі жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты: "Болуы әбден мүмкін деп ойлаймын. Бірақ, барлығы Альвареспен жекпе-жекте не болатыны және қалай өтетініне байланысты. Егер бәрі дұрыс болса, Головкин желтоқсанда тағы бір жекпе-жек өткізуді көздеп отыр".
Айта кетейік, қазір Головкиннің командасы мексикалық Сауль Альвареспен реванш өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтуі мүмкін. Боксшылардың бірінші жекпе-жегі өткен жылы сол жерде болған еді, бірақ екеуі тең түсіп, жеңімпаз анықталмады.
Реванш 5 мамырда өтуі тиіс еді, бірақ Альварес екі рет допинг-тесттен өте алмай қалды. Головкин Альварестің орнына америкалық Ванес Мартиросянмен кездесіп, оны екінші раундта нокаутқа түсірді. Осыдан кейін Головкин тамызда өтуі тиіс міндетті жекпе-жегінің уақытын тағы жылжытуды сұрады, бірақ IBF ережелері бойынша, уақытты екі рет шегеруге болмайды.
Ал Деревянченконың бапкері жекпе-жек өтпесе IBF белдігінен айырылатынын Головкиннің есіне салған.