Головкиннің промоутері "Канелоның" орнын алмастыратын боксшының есімін жариялады

29 Мамыр 2018, 09:01
0
Головкиннің промоутері "Канелоның" орнын алмастыратын боксшының есімін жариялады -

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық боксшының командасымен екінші жекпе-жек өткізу үшін келісімшарт жасаудан күдер үзген секілді, - деп жазады Vesti.kz.

Мұндай жағдайда қазақстандық боксшының қарсыласы, IBF белбеуіне міндетті үміткер - украиналық Сергей Деревянченко болады. Сондай-ақ, Леффлер 23 маусымда өз отандасы Мартин Мюрреймен жұдырықтасатын WBO чемпионы Билли Джо Сондерс пен Головкин шаршы алаңда биыл кездеспейтінін айтты. 

Осыған дейін Голвокин - Альварес екінші жекпе-жегінің келіссөздері тығырыққа тірелгенін хабарланды. Олар түскен табысты бөлу бойынша келісе алмай жатыр. 

"Егер "Канеломен" ештеңе шықпаса, онда Головкин Билли Джо Сондерспен емес, міндетті үміткермен (Деревянченко) шаршы алаңға шығады. Ұлыбританиялық боксшы 23 маусымда жекпе-жек өткізеді, сол себепті біз абсолют чемпион атағы үшін талас жекпе-жекті ұйымдастыру үшін келіссөздер жасап үлгермейміз", - деді Леффлер XSport.ua басылымына берген сұхбатында. 

Еске салайық, 23 мамырда АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ньюарк қаласында IBF кеңсесінде Головкин мен Деревянченко өкілдерінің тыңдалымы өтті. Қазақстандық боксшының командасы екінші рет уақытты шегеруді сұрады. Ұйым ережесі бойынша бұған рұқсат жоқ. Соңғы шешім 7-10 күн ішінде шығады. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай