Головкиннің не себепті EXPO кезінде жекпе-жек өткізе алмағаны белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© boxingscene.com © boxingscene.com

WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанда жазда неліктен жекпе-жектің өткізілмегенін, сондай-ақ, отандасымыздың жекпе-жегін қашан өз елімізден көруге болатынын айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанда жазда неліктен жекпе-жектің өткізілмегенін, сондай-ақ, отандасымыздың жекпе-жегін қашан өз елімізден көруге болатынын айтып берді.

- Том, Қазақстандағылар Геннадий өз отанында жекпе-жек өткізеді деп күтті. Жанкүйерлерге әлі де жекпе-жекті көруге үміттенуге бола ма?

- Геннадий Қазақстанда, өз отанында, жанкүйерлерінің алдында жекпе-жекпе өткізгісі келеді. Бұл жолы болмай қалды, онымен қоса, уақыт та болмады. Себебі Геннадий Джейкобспен өткен кездесуде 12 ауыр раунд өткізді. Геннадий осы жекпе-жекті Қазақстанда өткізгісі келді, бірақ біз тәуекелге бармадық. "Канеломен" кездесу өткізу мүмкіндігінен айырылып қаламыз ба деп ойладық. Себебі ол бүгінде бокстағы ең үлкен кездесу болмақ. Бірақ мен менеджерлердің Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетіндерін білемін.

- Қазақстанда Головкиннің жекпе-жек өткізуін ұйымдастыру қаншалықты қиын?

- Әрине, қаржылай көмек, демеушілердің қолдауы да керек. Себебі T-Mobile, Madison Square Garden ареналарда өтетін жекпе-жектерде ақылы трансляциялар сатылады. Бұл біріншіден. Бірақ Қазақстанда жекпе-жекті ешкім ақылы транслация арқылы көрмейді. Онымен қоса, қарсыластарға қатысты мәселе. Геннадийге қарсыласын Қазақстанға әкелу үшін оған екі есе көп ақша төлеуі керек болады. Сондықтан мұнда міндетті түрде қаржылай көмек керек. Бірақ бізде EXPO кезінде осындай мүмкіндік болды. Дегенмен келесі жылы осы мәселені қайта қарастырып көреміз деп ойлаймын.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro