Канадалық боксшы Стив Роллс (19-1, 10 КО) орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннен (39-1-1, 35 КО) жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Канадалық боксшы Стив Роллс (19-1, 10 КО) орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннен (39-1-1, 35 КО) жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, Бұл жекпе-жек 9 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңген еді.
"Өткен түн ойдағыдай өтпеді, бірақ, алған тәжірибеге де ризамын. Осы ұзақ жолда маған демеу болғандарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Менің барлық жақтастарым мен оң пікірлер қалдырғандарға, мен оларды жоғары бағалаймын. Мұнымен біткен жоқ, мен күштірек болып ораламын", - деп жазlы Роллс Instagram желісіндегі парақшасында.
Compubox жүйесінің мәліметіне сүйенсек, төрт раундта Головкин 223 соққы жасаған. Оның 62-сі дәл тиген (28 пайыз). Головкин жұмсаған 108 джеб соққысының 14-і дәл тиген (13 пайыз). Сонымен қатар, қазақстандық боксшы 104 ауыр соққы жасаған. Оның 48-і дәл болған.
Ал Роллс қарсыласына қарағанда әлдеқайда аз соққы жасаған. Оның 175 соққысының 38-і дәл тиген (22 пайыз). Стив жұмсаған 71 джеб соққының 13-і дәл болған (18 пайыз). Сондай-ақ канадалық боксшының 104 ауыр соққысының 25-і дәл тиген (24 пайыз).