Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинның бапкері Абель Санчес FightSpace басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізу турасындағы келіссөздер жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинның бапкері Абель Санчес FightSpace басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізу турасындағы келіссөздер жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның айтуынша, Головкинның командасы Golden Boy Promotions жетекшісі Оскар Де Ла Хойямен және Эрик Гомеспен келіссөздер жүргізіп жатыр. "Мен промоутеріміз Том Леффлермен сөйлестім. Ол қыркүйекте жекпе-жек өткізуге Golden Boy компаниясындағы Оскармен және Эрик Гомеспен келіссөз жүргізіп жатыр. Әлі аяқталған жоқ, бірақ бұл жақсылықтың белгісіз. Бірақ әзірше ештеңеге қол қойылған жоқ", - деп мәлімдеді Санчес.
Алайда қазақстандықтың ендігі қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс болуы мүмкін. Бұл жекпе-жек WBA тұжырымы бойынша өтеді, ұйым жекпе-жекті промоутерлік саудаға қойды. "Джейкобс екінші орта салмақта әлемнің екінші үздік боксшысы деп есептеймін, ал Головкин бірінші. Джейкобмстың Дмитрий Пирогтан жеңілісінен кейін сегіз нокауты бар. Иә, бұл өте қауіпті жекпе-жек, ол соққысы мығым жақсы боксшы. Бірақ Головкинге осындай жігіттермен кездесу керек, олар жұдырықтасудан тайып кетпесе, әрине. Өкінішке қарай, көпшілігі Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтады, бірақ келісімшартқа қол қоюға келгенде жоғалып кетеді", - деді Санчес.
Еске салайық, осыған дейін америкалық Forbes журналы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинның спорттағы мансап жолына сараптама жасаған болатын. Басылым GGG-дің ұлы деп боксшы екеніне күмән келтіреді. "Геннадий Головкин - нокауттар машинасы, бірақ оның көрсеткіші алдамшы" мақаласы осы мәселеге арналыпты.