Головкинның промоутері Карл Фрочпен жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкинның промоутері Карл Фрочпен жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр © kingboxer.ru

Қазақстандық Геннадий Головкинның командасы екінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Карл Фрочпен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы GGG промоутері Том Леффлер Twitter арқылы хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкинның командасы екінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Карл Фрочпен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы GGG промоутері Том Леффлер Twitter арқылы хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.

Леффлер Желіде британдық боксшының промоутері Эдди Хирнмен бірге түскен суретін жариялап, өзінің Монте-Карлода жүргенін және "Уэмблида" Фрочпен жекпе-жек туралы келіссөз жүргізіп жатқанын жазыпты.

Айта кетейік, Фроч Головкинның қарсылас таңдауын сынап, оған қатысты қатты айтылған сөздерімен белгілі. Ал британдықтың өзі соңғы жекпе-жегін 2014 жылдың мамырында өткізіп, әзірге ринге оралмайтынын мәлімдеген. Сұқбаттарының бірінде Фроч бір кездері Головкинге 172 фунт салмақта жекпе-жеккке шығуды ұсынғанын, ал ол болса, қарсыласының ірі болғандығынан бас тартқан дейді. Кәсіпқой бокстағы 12 жылда 39 жастағы британдық 35 жекпе-жектің 33-ін ұтқан және IBF, WBA и WBC нұсқалары бойынша белбеу таққан. 



Тома Леффлердің Twitter-дегі парақшасынан

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course up  595.85  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети