Орта салмақта бұрынғы абсолютті чемпион Бернард Хопкинс WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.

Хопкинс Головкин иелік ететін титулдарды бұрын иеленген. Кейін ол бірінші ауыр салмақ дәрежесіне өтті, ал қазір мансабындағы соңғы кездесуін өткізу үшін лайықты қарсылас іздеп жүр.
"12 жыл бойы мен орта салмақта ең мықты болдым. Головкинмен екі миллион долларға кездесуден қашатындар бар, ал мен болсам 50 мың долларға кездесуге дайынмын. Мен орта салмақта үздік боксшы болудың не екенін көрсетер едім", - деді Хопкинс.
Қазір Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне қарсылас іздеп жатыр. Ол осыған дейін 33 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Осыған дейін Головкинді америкалық ардагер боксшы Оскар Де Ла Хойя да жекпе-жекке шақырған болатын. Ол қазақстандық боксшымен кездесу үшін ринге қайта оралуға дайын екенін мәлімдеді.