Аты аңызға айналған америкалық боксшы, екі салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы Бернард Хопкинс (55-7-2, 32 KO) өз мансап жолындағы соңғы қарсыласы ретінде орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкинді (34-0, 31 КО) таңдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

51 жастағы боксшы қоштасу жекпе-жегінде қарсылас болуы мүмкін деп екі спортшыны атады. Головкинмен қатар америкалық жартылай ауыр салмақта WBC чемпионы, канадалық Адонис Стивенсонды (26-1, 21 КО) атады.
"Мен 51 жастамын, менің мансап жолым керемет болды. Кету алдында тағы бір жекпе-жек өткізгім келеді. Мен жекпе-жектен ешқашан қашқан емеспін. Мен - ескі мектептің боксшысымын. Мен Сергей Ковалевпен жұдырықтастым. Ол керемет әрі күшті боксшы. Тамаша чемпион әрі дос. Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы сөздер болған. Ол салмағын көтеріп, мен төменге түсуім керек. Мен сол жекпе-жекке келісім бердім", - деп жазды Хопкинс Twitter желісінде.
Ал Стивенсон жайлы Хопкинс кесіп айтты. "Ол нағыз чемпион емес. Мен онымен Канадада жұдырықтасамын дегенмін. Бірақ ол менімен шыққысы келмейді. Ол өзі жеңген боксшымен реванш өткізгісі келеді", - деп мәлімдеді Хопкинс.
Айта кетейік, Головкиннің промоутері Том Леффлер Хопкинсті болашақ қарсылас ретінде қарастырып отырғанын мәлімдеген болатын. Өз кезегінде қазақстандықтың бапкері Абель Санчес шәкіртінің америкалықтың рекордын жаңартатынын атап өткен еді.
Еске салайық, GGG келесі жекпе-жегін 23 сәуірде Калифорния штатындағы Инглвудта өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Доминик Уэйд. Бұл жекпе-жекке бірінші аптаның ішінде жартысына жуық билет сатылып кетті.