IBO Головкиннің чемпиондар арасындағы келесі қарсыласын таңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

IBO Головкиннің чемпиондар арасындағы келесі қарсыласын таңдады Фото: DAZN

Халықаралық бокс ұйымының (IBO) ресми твиттері қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын анықтау үшін сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық бокс ұйымының (IBO) ресми твиттері қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын анықтау үшін сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сауалнамада орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF титулдарының иегері мексикалық Сауль Альварес бірінші орын алды. Оны дауыс берушілердің 59 пайызы таңдаған. Екінші орында орта салмақта WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андраде тұр - 20 пайыз. Одан кейінгі орындарды екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (15 пайыз) пен орта салмақта WBC "уақытша" белбеуінің иегері америкалық Джермалл Чарло (5 пайыз) еншіледі.

Головкин IBO титулын 2011 жылы жеңіп алған еді, оны 2018 жылдың қыркүйегіне дейін қорғап келген. Былтыр Альварестен төрешілер шешімімен жеңілген соң барлық титулынан айырылған болатын. 

Ал биыл 8 маусымда Нью-Йоркте DAZN стриминг сервисінде дебютін өткізіп, канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңген. Кездесуден кейін Головкин "Канелоны" жекпе-жекке шақырған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети