Иса Ақбербаев Джованни Сарранды нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иса Ақбербаев Джованни Сарранды нокаутқа түсірді Иса Ақбербаев. ©vesti.kz

Қазақстандық былғары қолғап шебері Иса Ақбербаев кәсіпқой бокстағы өзінің кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық былғары қолғап шебері Иса Ақбербаев кәсіпқой бокстағы өзінің кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-та өткен жекпе-жекте Иса Ақбербаев америкалық Джованни Сарранды жеңді. Жекпе-жектің төртінші раундында отандасымыз техникалық нокаутпен ұтты. Айта кетейік, жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде қазақстандық боксшы қарсыласына қарағанда бес келідей жеңіл болды. Оның салмағы - 87,9 келі болса, Джованни Сарранның салмағы - 93,1 келі болды. 

Иса Ақбербаев пен Джованни Сарран арасындағы жекпе-жек Санта-Моникада өтіп, бұл кештегі басты жекпе-жек француз боксшысы Хассан Н'Дам Н'Жикам мен америкалық Кертис Стивенсон арасында болды. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшыға қолдау білдіру үшін Геннадий Головкин арнайы келген. Орайы түскенде айта кетейік, Иса Ақбербаев Головкиннің командасында жаттығады. 

Бірінші орта салмақтағы IBO Intercontinental тұжымырымындағы әлем чемпионы Иса Ақбербаев үшін бұл кәсіпқой бокстағы 14-кездесуі болатын. Жалпы отандасымыз кәсіпқой бокс шаршы алаңында 13 мәрте жеңіске жеткен. Оның тоғызын уақытынан бұрын аяқтаған. Өзінің соңғы кездесуінде Иса Ақбербаев Моррис Околаны жеңген. Кездесудің бесінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласының бүйіріне соққы жасап, нокаутқа түсірді. Жойқын соққы жіберіп алған Окола алтыншы раундқа шыға алмады. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети