Иван Дычко рингке қашан оралатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иван Дычко рингке қашан оралатыны белгілі болды Иван Дычко (оң жақта). Фото: The Heavyweight Factory©

Екі дүркін Олимпиада жүлдегері Иван Дычко (9-0, 9 КО) рингке қашан оралатыны айтылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі дүркін Олимпиада жүлдегері Иван Дычко (9-0, 9 КО) рингке қашан оралатыны айтылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Суперауыр салмақтағы боксшының менеджері Зия Әлиев дайындық барысы туралы айтып берді.

"Біз бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бізде әртүрлі промоутерден көптеген ұсыныс бар. Біз кім және не ұсынатынын қарастырамыз, сонымен қатар, Дычко рингке оралуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Рингке наурызда оралатын шығар. Біз жекпе-жекті ақпанда жоспарлаған болатынбыз, бірақ Америкадағы шоулардың 90 пайызға жуығы COVID-19 салдарынан шегерілді. Наурызда да өтпейтін шоулар бар, бірақ біз сол айда оралуға тырысамыз", - деді Әлиев Дычконың келесі жекпе-жегі туралы. 

Иван Дычко Флоридада дайындық үстінде. Оған Джон Дэвид Джексон көмектесіп жатыр.

Қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін 2019 жылы шілдеде америкалық Нэйт Хэвенге қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети