Қазақстандық боксшы Иван Дычко үшінші жекпе-жегін жоспарланған күннен бір апта кеш өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Иван Дычко үшінші жекпе-жегін жоспарланған күннен бір апта кеш өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бастапқыда кесте бойынша Дычко 1 желтоқсанда Тампта (АҚШ, Флорида штаты) америкалық Ламарко Эллиспен кездесуі тиіс еді, бірақ бұл кездесу өтпейтін болды. Келесі жекпе-жегін Дычко 8 желтоқсанда өткізеді. Оның қарсыласы тәжірибелі америкалық Джамал Вудс (13-38-7, 10 КО).
Кейін Дычко рингке 16 желтоқсанда шығуды жоспарлап отыр. Алайда, қарсыласы әзірше белгісіз.
Екі жекпе-жек те АҚШ-та өтеді деп жоспарланған.
Соңғы екі Олимпиада ойындарында қола медаль алған 27 жастағы Дычко кәсіпқой боксқа 2017 жылы ауысқан. Ол 29 қыркүйекте АҚШ-та дебют жасаған, ал 13 қазанда екінші кездесуін өткізіп үлгерген.