Қазақстандық Иван Дычконың менеджері Зия Алиев Vesti.kz-ке боксшының 10 мамырдағы жекпе-жегіне неге 48 жастағы америкалық Рэй Остинді таңдағанын түсіндіріп берді.
Қазақстандық Иван Дычконың менеджері Зия Алиев Vesti.kz-ке боксшының 10 мамырдағы жекпе-жегіне неге 48 жастағы америкалық Рэй Остинді таңдағанын түсіндіріп берді.
Суперауыр салмақтағы кездесу Голливудтағы Hard Rock аренасында өтеді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.
"Неге ол? Иван былтырғы жылдың шілдесінен бері жұдырықтасқан жоқ. Бұл кездесу өз қалпына келіп алуы үшін ұйымдастырылады. Ал келесі жекпе-жектен бастап өз дағдысына енеді. Кездесу сайын оның оппозициясын көтере береміз", - деді Алиев.
Бұған дейін 28 жастағы Дычконың рингке 10 мамырда оралатыны хабарланған еді. Боксшы кәсіпқой бокстағы карьерасын 2017 жылы қыркүйекте бастап, бүгінге дейін жеті кездесу өткізді. Жетеуін де нокаутпен аяқтаған.