31 жастағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде 34 жастағы ресейлік Али Багаутиновты жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
31 жастағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде 34 жастағы ресейлік Али Багаутиновты жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы Fight Night Global чемпионы титулын қорғап қалды. Жекпе-жек бес раундқа созылды. Ұрыс қорытындысы бойынша төрешілердің басым бөлігі жеңісті қазақстандыққа берді. Енді Жұмағұловтың қоржынында 13 жеңіс, үш жеңіліс бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жекпе-жектен кейін Али Багаутинов пен оның командасы апелляция беретінін мәлімдеді. "Айтарға сөзім жоқ. Барлық маман мені жеңді деп айтып жатыр. Бірақ төрешілердің шешімімен дауласпаймын. Командамызбен апелляция береміз.
Менің жекпе-жегім үшін қаншама ақша тігілді. Мүмкін, Жалғасқа жанкүйер болғандар көп ақша жеңіп алған болар. Бұл қаражатты олар қайырымдылыққа, мұқтаж балалар мен науқастарға берсін", - деді Багаутинов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жұмағұловтың қарсыласы бұрын UFC белбеуіне үміткер болған. Әлемдегі ең беделді промоутерлік компаниясының аясында Багаутинов жеті жекпе-жек өткізген, олардың төртеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңіліс тапты. Ал осы Сочиде өткен жекпе-жектен кейін ресейлік спортшының қоржынында 19 жеңіс пен 7 жеңіліс бар.
Сондай-ақ, Fight Night Global 95 аясында тағы үш қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Еркінбек Инжель ресейлік Давид Бархударяннан жеңіліп қалды, ал Нұрбек Қабдрахманов отандасы Федор Бабичті жеңді.