23 қазан 2017 | 09:38

Жаңа WBA regular чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Boxing911.ru © Boxing911.ru

Орта салмақта WBA тұжырымы бойынша regular белбеуінің жаңа иегері жапон боксшысы Риота Мурата  (13-1, 10 КО) дивизионда көш бастап тұрған қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекке шақырды.  


Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта WBA тұжырымы бойынша regular белбеуінің жаңа иегері жапон боксшысы Риота Мурата  (13-1, 10 КО) дивизионда көш бастап тұрған қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекке шақырды.  

Мурата WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша чемпион қазақстандықты Хассан Н'Дам Н'Жикамды (36-3, 21 КО) Токиода өткен реваншында жеңгеннен кейін жекпе-жекке шақырды. Жетінші раундтан кейін Н'Жикам кездесуді жалғастырудан бас тартып, титулынан айырылған. 

"Жекпе-жектің бұлай аяқталғанына таңғалдым, бірақ оның ырғақты сезіп, тезірек аяқтағысы келгенін түсіндім. Екеуміз де шаршап қалдық, сондықтан оның аяқтағаны мен үшін сәттілік болды, алайда бұл жекпе-жекте мен жеңіле алмайтын едім. Бокссүйер қауым орта салмақта менен мықты чемпион бар екенін біледі. Головкин жайлы айтып отырмын. Оны жеңу үшін барымды саламын", - деп келтіреді Муратаның сөзін BoxingScene.com.

Мұның алдында WBA regular чемпионы титулы америкалық Дэниэл Джейкобста еді (32-2, 29 КО). Ол 18 наурызда Нью-Йоркте төрешілердің бір ауыздан берген шешімі бойынша Головкиннен жеңілген еді. Осылайша Джейкобс айырылып қалған белбеу бос тұрған еді.

20 мамырда Мурата мен Н'Жикама осы белбеуге таласқан. Олардың кездесуі 12 раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша Н'Жикама 116:111 және 115:112 есебімен жеңіске жеткен, ал бір төрешінің 117:110 деген есепті Муратаның пайдасына бергенін айта кетейік. Кейін WBA төреліктің даулы болғанын айтып, төрешілер Густаво Падилья мен Хьюберт Эрлды алты айға шеттеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети