Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы рингке 17 тамызда шығады. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы рингке 17 тамызда шығады. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
26 жастағы қазақстандық Лос-Анджелестегі Banc of California Stadium аренасында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Он раундтық жекпе-жектегі қарсыласы осы аптада анықталады.
Бұл шоудың басты жекпе-жегінде екінші жеңіл салмақта WBO чемпионы мексикалық Эмануэль Наваррате мен америкалық Франсико Де Вака қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 12 сәуірде Лос-Анджелесте мексикалық Кристиан Оливасқа қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, қазақстандық боксшы WBC Continental Americas және екінші деңгейлі WBO Global белбеулерін иеленген еді.