Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) желтоқсанда кездесуді жоспарлап отырған орта салмақтағы WBA чемпионы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Осыған байланысты ол өзінің промоутеріне өтініш жасады, - деп хабарлайды Vestii.kz.

"Боб Арум, Top Rank, қыркүйекте маған Муратамен жепе-жек ұйымдастырсаңыз. Мен оны жеңіп, Вегаста чемпион боламын. Ал желтоқсанда Жапонияда реванш болады. Кейін бүкіл белдіктерді аламыз! 26 маусымдағы жеңіл жекпе-жек", - деп жазды Әлімханұлы Twitter-де.
@BobArum @trboxing Organize my fight with Murata in September. I'm going to beat him and win him in Vegas. And we're going to have a rematch in Japan in December. THEN WE'LL GET ALL THE BELTS!
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) June 1, 2021
Jun 26? Easy fight! QAZAQ STYLE! pic.twitter.com/913ZmecBtR
Айта кетейік, Әлімханұлы алдағы жекпе-жегін 26 маусымда америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) өткізеді. Жекпе-жек он раундқа есептелген және Лас-Вегаста (АҚШ) бокс кеші аясында өтеді, онда украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапондық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) басты қарсылас болады.
Головкинге келсек, ол 2021 жылы екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, олардың бірі 31 желтоқсанда Муратаммен. Соңғы жекпе-жегінде GGG поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!