Жәнібек Әлімханұлы Хельсинкиде күміске қол жеткізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жәнібек Әлемханұлы. Сурет: sports.kz Жәнібек Әлемханұлы. Сурет: sports.kz

Өткен демалыс күндері бокстан Финляндия және Польшада екі бірдей халықаралық турнирлердің финалдық кезеңі өтті. Бұл байрақты бәсекелердің екеуіне де қатысқан Қазақстан құрамасының боксшылары жалпы есепте 8 медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өткен демалыс күндері бокстан Финляндия және Польшада екі бірдей халықаралық турнирлердің финалдық кезеңі өтті. Бұл байрақты бәсекелердің екеуіне де қатысқан Қазақстан құрамасының боксшылары жалпы есепте 8 медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Финляндияның Хельсинки қаласында өткен "GeeBee" турнирінің финалдық кездесуінде 56 келіде Қайрат Ералиевтың қарсыласы ресейлік Артем Хотенов кездесуден бас тартса, 64 келіде Айдар Әмірзқов итальян Дарио Вангелидиді жеңді. Ал  91 келіде Асқар Абдуллаев "Астана арландары" командасының бұрынғы боксшысы Айнар Карлсоннан басып түсіп, алтыннан алқа тақты.

Бұл турнирде топ жарады деп үміттенген 75 келі салмақта 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Жәнібек Әлімханұлы сенімнен шықпады. Ол финалдық кездесуде француз боксшысы Кристиан Ассомадан ұпай санымен ұтылды. "Бұл Алматыдағы әлем біріншілігінен кейінгі Жәнібектің қатысқан алғашқы турнирі. Сондықтан ол  әлі де физикалық тұрғыдан дайын емес", - дейді Қазақстан құрамасының бапкерлері. 

Ал 52 келіде  ел намысын қорғаған Әділет Құрметов қола медальды қанағат тұтып қайтты. Жалпы 12 елден 60 шақты боксшы қатысқан бұл турнирде Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды. 

Сонымен қатар өткен аптада Қазақстанның екінші құрамасы Варшавада өткен "Феликса Штамм" турнирінде де бақ сынады. 

Польша астанасында өткен турнирде 49 келідегі боксшымыз Жомарт Ержан алтын медальді жеңіп алды. Қазақстан құрамасының аға бапкері Нұрғали Сафиулиинің айтуынша, Жомарт турнир барысында қарсыластарының барлығынан бір бас жоғары болып, финалдық кездесуде де қиналмай жеңіске жетті. Сондай-ақ "Феликс Штамм" турнирінде 75 келіде ел намысын қорғаған Рустам Сыбаев пен 91 келідегі Алексей Севастьянов қола медальға қол жеткізген.  

Жалпы бұл турнирде 21 елден 97 ер боксшы және 46 әйел боксшы қатысқан. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro