Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие Әлімханұлы 28 наурызда Квебекте алғаш рет Канадада жұдырықтасу керек болатын. Алайда бокс кеші коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.
"Қадірлі жанкүйерлер, жекпе-жегімді асыға күтіп отырған ағайын! Өкінішке орай 28 наурызда Канадада өтетін жекпе-жек кейінгі қалды. Коронавирустың салқыны біздің жекпе-жекке де тиді. 3 ай қан мен тер шығарып, қызу дайындалып, жақсы формаға кіріп едік. Мықты спаррингтер жасап, QAZAQ STYLE-ды шыңдап, шоу көрсетуге дайын болғанбыз. Бірақ Топ ренк спортшылардың денсаулығы маңызды деп шешті. Біздің ғана емес наурыз бен сәуірде өтетін бүкіл жекпе-жектер тоқтатылды. Бұйыртса жарқын күндер алда. Біз сіздермен бірге QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз", - деп жазыпты Жәнібек Іnstagram желісінде.
Жәнібек Әлімханұлы - әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Ол 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды, Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!