Жәнібек Әлімханұлы "Канело" мен бірқатар чемпионды нокаутқа түсіретінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәнібек Әлімханұлы "Канело" мен бірқатар чемпионды нокаутқа түсіретінін айтты Жәнібек Әлімханұлы. Фото: ringtv.com

Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) ESNews-ке берген сұхбатында кімдермен жұдырықтасқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) ESNews-ке берген сұхбатында кімдермен жұдырықтасқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлының айтуынша, ол келесі жекпе-жегін қазанда өткізуі мүмкін. Бірақ қарсыласы әзірше белгісіз. 

"Кіммен жұдырықтасқың келеді?" деген сұраққа қазақстандық боксшы орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде, WBC титулының иегері Джермалл Чарло мен мексикалық Сауль Альварестің есімдерін атады. 

Әлімханұлы Чарлоны да, "Канелоны" да алты раундта нокаутқа түсіре алатынын мәлімдеді.  

Еске салайық, 28 наурызда Квебекте (Канада) Әлімханұлы ганалық Исса Самирге (18-0, 15 КО) қарсы кездесуде WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғауы керек болған. Алайда жекпе-жек коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалған еді. 

Қазақстандық боксшы рингке соңғы рет былтыр қарашада Фреснода (Калифорния штаты, АҚШ) шығып, канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети