Жәнібек Әлімханұлына атақты мексикалық қарсылас болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәнібек Әлімханұлына атақты мексикалық қарсылас болуы мүмкін Жәнібек Әлімханұлы. © instagram.com/janibek_qazaqstyle

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) арасында титулдық жекпе-жек ұйымдастырылатынын жариялады - боксшылар орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы титулын сарапқа салады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) арасында титулдық жекпе-жек ұйымдастырылатынын жариялады - боксшылар орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы титулын сарапқа салады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұйым атынан хат жарияланды, ол Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арумға және Мунгияның мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions компаниясының Эрик Гомеске бағытталған.

"WBO World Championship комитеті тараптарға осы құжатта Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жоғарыда аталған шайқас бойынша келіссөздерді бастауды бұйыратынын сіздердің назарларыңызға жеткіземіз. Келісімге қол жеткізу үшін тараптарға 10 күн беріледі.

Егер келісімге осы құжатта көрсетілген мерзімде қол жеткізілмесе, WBO ережелері бойынша сауда-саттық тағайындалады. Орташа салмақтағы WBO үшін ең төменгі ақысы - 200 000 АҚШ доллары (екі жүз мың доллар). Кез келген қатысушы ұсыныс жасай алады", - деп хабарлайды WBO.

Бұған дейін Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадемен (31-0, 19 КО) жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеген болатын, алайда америкалық спортшы салмақ санатын өзгертуі ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети