Жанқош Тұраров астанадағы бокс кешінде жекпе-жекке шығатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанқош Тұраров астанадағы бокс кешінде жекпе-жекке шығатын болды ©nstagram.com/zhankoshturarov

18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын тағы бір боксшының есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын тағы бір боксшының есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Елордадағы жекпе-жек кешінде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров өнер көрсететін болды. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 25-айқасы болады. Бұған дейін Тұраров 24 кездесуде де жеңіске жеткен. Ал 17 жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірген. Жанқоштың қарсыласы кім болатыны алдағы уақытта анықталады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом ?? (@vestikzsport)

Еске салайық, бұл бокс кешінің басты айқасында Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта салмақтағы IBO белбеуіне таласады. Оның да қарсыласы әлі белгісіз. 

Ал Даниярдың алдында шаршы алаңға Иван Дычко (10-0, 10 КО) өнерін көрсетеді. Бұл боксшылардан бөлек, 18 желтоқсанда Ержан Залилов пен Ескендік Харсан да жұдырықтасады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети