Бірінші орта салмақта бұрынғы чемпион америкалық Ише Смит (26-7, 12 КО) жанкүйерлердің кіші Мейвезерді Геннадий Головкинмен кездесуге мәжбүрлеуін ақылға қонымсыз деді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Бірінші орта салмақта бұрынғы чемпион америкалық Ише Смит (26-7, 12 КО) жанкүйерлердің кіші Мейвезерді Геннадий Головкинмен кездесуге мәжбүрлеуін ақылға қонымсыз деді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
"Мейвезер бәрімен қатарынан жекпе-жек өткізіп шықты. Енді отырып алып оған "GGG-мен төбелес" деу ақылға қонымсыз. Менің ойымша, жанкүйерлер оны рингтен кетпей сыйламайды", - деді Ише Смит Fighthype.com басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Смиттің промоутері Mayweather Promotions компаниясы америкалық боксшының Головкинмен кездескісі келетінін хабарлады. Ише Смиттің жекпе-жек өткізгісі келетін қарсыластарының қатарында WBC чмпионы Мигель Котто да бар.
Бұған дейін Головкин Мейвезермен кездесу үшін салмақ тастауға да келісетінін хабарлаған болатын. Дегенмен Флойд Мейвезердің әкесі ұлының қазақстандық боксымен кездеспейтінін, жекпе-жек өткен жағдайда да Флойдтың Геннадийді жеңетінін мәлімдеді.