Атақты америкалық бапкер Фредди Роучтың ойынша Геннадий Головкин мен ресейлік Сергей Ковалев арасында жекпе-жек ұйымдастыруға болады, - деп жазады Gazeta.ru.
Атақты америкалық бапкер Фредди Роучтың ойынша Геннадий Головкин мен ресейлік Сергей Ковалев арасында жекпе-жек ұйымдастыруға болады, - деп жазады Gazeta.ru.
"Неге жоқ? Меніңше бұл өте қызықты кездесу болмақ. GGG өз салмақ дәрежесін ақылы кездесу үшін өзгерте алады деп сенемін. Менің білуімше олар дос, алайда оларға шаршы алаңда жұдырықтасуға еш кедергі жоқ", - деді Роуч Мәскеуде өткен баспасөз конференциясында.
Gazeta.ru сайтының мәліметінше, Роуч спаринг кезінде Головкин Ковалевтың денесіне соққы жасап, нокаутқа жібергенін есіне түсірді.
"Алайда, жаттығу залында болған нәрселерді, шын мәніндегі жекпе-жекпен салыстыруға болмайды", - деді Роуч.
Айта кетейік, Роуч Ресейге өзі жаттықтыратын Денис Лебедев пен Абель Санчес жаттықтыратын Мурат Гассиевпен 3 желтоқсанда өтетін жекпе-жек үшін келген.
Ковалев пен Головкин спарингі осы маусымдағы ең басты тақырыптардың біріне айналған. Ең бірінші болып бұл әңгімені ұлыбританиялық боксшы Джонни Нильсен бастаған. Кейінірек Ковалевтың бапкері Дэвид Джексон бұл мәліметті растады. Соынмен қатар, Ковалевтың бапкері Сергейдің сол кездері жаттығуларға жаңадан кірісіп, өзін дұрыс қалыпта сезінбегенін айтқан.
Ковалев бұл сөздердің жалған екенін айтыпғ Санчестің сөздерінде ашу бар екенін айтты. Абель Санчес Ковалев пен Головкинды бірнеше жыл бойы жаттықтырған.
Айта кетейік, Головкин орта салмақта, ал Ковалев жартылай ауыр салмақта өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшы орта салмақта барлық белбеулерді біріктірмей, салмақ дәрежесін өзгертпейді. Оған тек WBO белбеуі жетіспейді.