Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело " Альварес 16 қыркүйектегі жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело " Альварес 16 қыркүйектегі жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Жекпе-жек 12 рауындқа созылмайды-ау. Ол жекпе-жектің аяғына дейін шыдамайтынына кепіл беремін. Кездесу нокаутпен аяқталады. Мен Голвкинді сөзсіз нокаутқа түсіремін", - дейді Альварес TMZ.com басылымына берген сұхбатында.
Мұның алдында мексикалық боксшы жеңісіне сенімді болғандықтан Головкинмен бір ғана жекпе-жек өткізетінін айтқан. Алайда келісімшартта Альварес қана пайдалана алатын қарымта кездесу туралы тармақ бар.
Сонымен бірге, "Канело" қазақстандық боксшының мексикалық стилі барын айтқан. Оның пікірінше, бұл олардың жекпе-жегі үшін ұтымды жайт. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жекте Головкин WBA (Super), WBC, IBF және IBO атақтарын қорғайтын болады.
Ал Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин-Альварес жекпе-жегіне арнайы белбеу жасады. Алайда мексикалық бұл ұйымның белбеуіне таласы жоғын осының алдында айтқан.