WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,393 келі) болды, ал Альварес - 159,4. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 91 грамм ауыр.
Осылайша, Головкин мен Альварес орта салмақтың лимитіне тура келді, ол 160 фунт (72,5 келі) болатын.
Өткен жылы Головкин мен Альварестің салмағы ресми салмақ өлшеу рәсімінде бірдей нәтиже көрсеткен болатын - 160 фунт.
© Тұрар Қазанғапов
Головкин - Альварес екінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді, осыдан бір жыл бұрын олардың бірінші кездесуі осы жерде өтіп, екеуі тең түскен болатын. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекте таңертең өтеді.