11 қыркүйек 2020 15:12

"Жекпе-жек өткізуге дайынмын". "Канело" Головкинмен үшінші кездесуге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA Super, WBC Franchise белбеуінің, екінші орта салмақта Regular белбеуінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші кездесуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, екі боксшы осыған дейін 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде екі рет кездескен болатын. Бірінші кездесуде тең нәтиже тіркелсе, екінші кездесуде төрешілер жеңісті "Канелоға" берді. Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы бірінші жеңілісі еді. Енді олардың үшінші кездесуі 2021 жылдың мамырында өтеді деген сыбыс бар. 

"Головкинмен кездесу мен үшін қызық емес. Мен оны екі рет жеңдім. Бірақ егер бұл бизнес жағынан бізге керек болса, онымен үшінші рет кездесуде келісімімді беремін", - деп келтіреді мексикалықтың сөзін Infobae.com басылымы. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети