01 сәуір 2021 | 00:34

Жемқорлық дау. Қанат Исламнан жауап алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Vesti.kz© Фото: Vesti.kz©

2017 жылы 9 қыркүйекте орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам EXPO-2017 көрмесі аясында жекпе-жек өткізген. Сол кезде канадалық Брэндон Кукті жеңіп, WBA Inter-Continental мен WBO NABO титулдарын қорғап қалған еді. Бокс кешінде рингке басқа да қазақстандықтар шыққан - Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаев.


Иконка комментария блок соц сети

2017 жылы 9 қыркүйекте орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам EXPO-2017 көрмесі аясында жекпе-жек өткізген. Сол кезде канадалық Брэндон Кукті жеңіп, WBA Inter-Continental мен WBO NABO титулдарын қорғап қалған еді. Бокс кешінде рингке басқа да қазақстандықтар шыққан - Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаев.

Араға бірнеше жыл салып ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы боксшылардан жауап алған. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Басылым мәліметінше, бұл жерде әңгіме EXPO-2017 бүкіләлемдік көрмесінде бокс кешін ұйымдастыруға бөлінген қаражатты жымқыру мен ысырап ету болып отыр. 

Vesti.kz ақпаратына сүйенсек, бұл бокс кешін Қанат Ислам құрған Qazaq promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырған. "Самұрық-Қазынаға" қатысы бар "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры" негізгі демеушілердің бірі болыпты.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеріс барысында барлық боксшыны куәгер ретінде жауап алуға шақырып, сол кеште алған сыйақысын сұраған. 

Басылым қор Қанат Исламның компаниясына қанша миллион теңге бергенін анықтады. Оны Qazaq promotions компаниясының бұрынғы директоры Қайрат Жайлаубаев айтып берген, ол - сол кешті ұйымдастыруға атсалысқандардың бірі. 

Жайлаубаевтың айтуынша, қордан бөлінген ақша тек боксшылардың ұшуы мен жататын орнына ғана жеткен. Ол кезде ұйымдастырушылар қор уәде еткен соманың бәрін уақытында ала алмаған, сондықтан оларға қазақстандық кәсіпкер көмектесіпті. Осынша уақыттан кейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы спорттық шараға қатысты тексеруді бастады.

"Қанат Ислам екеуіміз 2017 жылы Qazaq promotions компаниясын құрдық. Біз өз командамызға отандық кәсіпқой боксты дамыту үшін маңызды мақсаттар мен міндеттер қойдық. EXPO-2017 бүкіләлемдік көрмесі аясында боксшыларымыздың деңгейін көрсететін үлкен халықаралық бокс шоуын ұйымдастыруды ұсындық.

Біз мемлекет қаражаты есебінен баюды немесе қаржылық алаяқтық жасауды ойлаған жоқпыз. Бокс кеші жоғары деңгейде өтті және EXPO-2017 аясындағы маңызды шаралардың бірі болды. Барлық жекпе-жек керемет өтті, арена толы болды, біз халыққа спорт мерекесін сыйладық.

Сол кезде "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры" турнирді ұйымдастыруға кеткен барлық шығынды өз мойнына алып, тіпті боксшының бәріне сыйақы төлеуге уәде берді. Басында олар 73 миллион теңге бөлді, мен бұл ақшаның бәрін боксшылардың керегіне жұмсадым. Бұл шығындарға барлық боксшы мен команда мүшелерінің жолы, жататын орны, тамағы кірді. 30-дан аса адамға осындай жағдай жасадық. 

Барлық билет сатылып, жарнама науқаны қызып тұрған кезде, жекпе-жекке екі күн қалғанда қор бізге 73 миллион теңгеден артық ештеңе бере алмайтынын айтты. Былайша айтқанда, олар уәде берді де, орындамады.

Қалған ақшаны бізге кәсіпкер Бауыржан Оспанов беріп, турнирді құтқарып қалды. Ол боксшылар мен басқаларға қанша ақша бергенін білмеймін, бірақ қалған барлық шығынды өз қалтасынан шығарды. Қанат Ислам бұл жекпе-жек үшін көк тиын да алмағанын білемін.

2017 жылы қорға ресми хат жаздық. Осы хаттың негізінде, бір жылдан кейін, 2018 жылдың күзінде, қор бізге уәде етілген көмектің қалған бөлігі ретінде кейбір затты сыйға тартты.

Осы деректерден кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қорды тексере бастады, менімен бірге барлық боксшыны куәгер ретінде шақырды. Осы жүйе күдік тудырған. Біз сұрадық, олар берді, ештеңе ұрламадық. Осы процестің құжаттамасында қате кеткен болып шықты, қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр", - деді Жайлаубаев.

Қызық дерек. АҚШ-та өткен кейінгі жекпе-жегінде Қанат Ислам (28-0, 22 КО) рингке жаңа Turan promotions промоутерлік компаниясының атауы жазылған жейдемен шығып, компаниясын ресми түрде таныстырған. Qazaq promotions атауын өзгерткені немесе ұйым ретінде жабылғаны белгілі болды.

Бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, EXPO-2017 аясында жұдырықтасқан барлық боксшы былтыр куәлік берген. 2020 жылдың 2 қазанында агенттіктің баспасөз қызметі бас директорға қарсы "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры" корпоративтік қорынан аса ірі көлемде қаражат жымқыру дерегі бойынша іс қозғалып, ол сотқа жіберілгенін хабарлаған. 

Qazaq promotions компаниясы мен қордың бұл істе басқа да байланысы бар-жоғы, бюджеттен қанша ақша ұрланғаны белгісіз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети