27 наурыз 2018 | 10:00

Жеңіліп көрмеген экс-чемпион Головкинге "Канелоның" орнына қарсылас болуға дайын екенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Деметриус Андраде © SPORTARENA.com Деметриус Андраде © SPORTARENA.com

Алғашқы орта салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы чемпион, жеңіліп көрмеген америкалық Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) допинг тесттен өте алмай қалған жағдайда қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсылас болуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Алғашқы орта салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы чемпион, жеңіліп көрмеген америкалық Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) допинг тесттен өте алмай қалған жағдайда қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсылас болуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады. 

Андраденің сөзінше ол 5 мамырда "Канелоны" алмастырып, кез келген допинг сынақтан өтуге дайын. 

"5 мамырда Головкинмен жұдырықтасуға дайынмын. Мен әрдайым жаттығамын, тап қазір VADA тестін тапсыра бастаймын және одан өтетінінме кепіл беремін. Мұндайды барлық боксшылар айта алмайды. Мен жеңілген емеспін, әлемнің екі дүркін чемпионымын. Головкинмен ешкім жұдырықтасқысы келмейтін уақыт артта қалды. Ешкім қарсы келгісі келмейтін жігіт, мен әзірмін. 

Менің кім және қолымнан не келетінін кез келген біледі. Американың орта салмақтағы ең мықты боксшысы және әлемнің үштігіндемін. Менімен жекпе-жек қызықты емес дейтіндерден сұрағым келеді. Маррей, Адама, Гил, Монро және Росадо жекпе-жектері кімге қызық болды? Үздіктердің ешбірі менімен жұдырықтасқысы келмейді. Сондықтан 5 мамырда "Канело" шаршы алаңға шыға алмаса, Головкинмен чемпиондық атаққа таласқым келеді", - деп келтіреді Андраде сөзін BoxingScene.com.

Айта кетейік, былтыр қазанда Андраде орта салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 12 раунд қорытындысы бойынша Алантеза Фоксты жеңген. Дегенмен "Канелоны" ауыстыруға дайын екенін Деметриустан бөлек WBC чемпионы Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) да айтқан.

Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да,  қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети