06 желтоқсан 2017 | 11:50

Жеңіліп көрмеген WBO чемпионы Головкиннің стилін сынап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Boxnews © Boxnews

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хильберто "Зурдо" Рамирес (36-0, 24 КО) және оның бапкері Эктор Запари қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы соңғы жекпе-жек жайында өз ойларын білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Иконка комментария блок соц сети

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хильберто "Зурдо" Рамирес (36-0, 24 КО) және оның бапкері Эктор Запари қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы соңғы жекпе-жек жайында өз ойларын білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

Рамирестің ойынша, ол жекпе-жекте Головкин жеңіске лайық болған жоқ, сондықтан тең түсті деген шешім әділ. Оның үстіне қазақстандық мексикалық стильде жұдырықтаспаған. GGG әдетте мексикалық стильде жұдырықтасатынын айтатын.

"Головкин алға жүріп, қысым жасап отырды, ал "Канело" рингте көп қозғалып, қарсы шабуылдап жүрді. Головкин денеге соққы жасаған жоқ. Головкинде мекикалық стиль жоқ. Өйткені оның көрсеткені мексикалық стиль емес", - дейді Рамирес Villianfy Media басылымына берген сұхбатында.

Рамирестің бапкері де осындай пікірде. "Меніңше "Канело" ол жекпе-жекте жеңді. Головкин оның стиліне икемдене алмады. "Канело" инсайдта жұмыс істей алады, ол нағыз мексикалықтарша жұдырықтасады. Абель Санчес маған боксшы биіктен көрінгісі келсе, кез келген стильге бейімделуі керектігін айтқан. Головкиннің қолынан мұндай келмеді", - дейді Запари.

Сонымен бірге, Рамирес болашақта Голвкинмен жұдырықтасу ойынан айнымағанын айтады. "Үздік боксшымен кім жұдырықтасқысы келмейді. Маған жақсы жекпе-жек керек", - деп атап өтті ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети