11 ақпан 2020 14:51

"Жеңісі күмәнді" боксшыға айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxing247.com © boxing247.com

Ұлыбританияда ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген Дэвид Аллен (18-5-2, 15 КО) мен оның қарсыласы келісілген жекпе-жек өткізді деп айыпталды, - деп хабарлайды vRINGe.com жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.


Ұлыбританияда ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген Дэвид Аллен (18-5-2, 15 КО) мен оның қарсыласы келісілген жекпе-жек өткізді деп айыпталды, - деп хабарлайды vRINGe.com жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

8 ақпан Шеффилдте өткен бокс кешінде Аллен 35 жастағы отандасы Дориан Дарчты (12-12-1, 1 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірді. Дегенмен бұл жеңіс күмән тудырды. Өйткені жекпе-жекке дейін бірнеше сағат бұрын үшінші рандта нокаут боларына бәс тігу көбейген, осының салдарынан кейбір кеңсе оны желіден алып тастауына тура келген.

"Көпшілік бірінші екі раунд спаррингке ұқсас болғанын айтады, ал үшінші раундта Аллен аяқ-асты белсенді бола бастады да, дөп тимеген бірнеше соққыдан кейін қарсыласын берілуге мәжбүрледі", - деп жазады World Boxing News.

Алленнің өзі қарсыласымен келсім болғанын мойындамады. 27 жастағы боксшы кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп, 18 рет жеңіске жеткен (15 нокаут), бес рет жеңіліп, екеуінде тең түскен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети