Жүкембаевтың қарсыласын 1 минутта нокаутқа түсірген видеосы пайда болды

29 Қазан 2017, 12:38
0
Жүкембаевтың қарсыласын 1 минутта нокаутқа түсірген видеосы пайда болды -

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Монреальда өткен бокс кешінде бірінші орта салмақта кездесу өткізіп, қарсыласын 64-ші секундта нокаутқа түсірген еді. Енді сол жекпе-жектің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты жекпе-жегі жергілікті боксшылар Ив Юлисс (14-0, 9КО) пен Стив Кладжеттің (25-4-1, 17КО) кездесуі болған бокс кешінің андеркартында Жүкембаев Хосе Эмилио Переаны жеңді.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы 10 жекпе-жегіндегі 10-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның тоғызын нокаутпен жеңген. Ал Переа осымен тоғызыншы рет жеңіліп отыр, ал жеңіс саны - 24 (15-і нокаутпен).


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай