Алматыда өтіп жатқан MTK Kazakhstan бокс кешінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ұлыбританиялық боксшы Стивен Уордпен жұдырықтасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Шараның басты кездесуі қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен ұлыбританиялық Стивен Уорд арасындағы жекпе-жек. Жеңіске WBA Gold бірінші ауыр салмақтағы титулы қойылды.
Жетінші раундта Уорд жарақат алып, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді. Нәтижесінде төрешілер жазбасына жүгінуге тура келген. Коңқабаев бірауыздан жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек Қоңқабаев үшін 2020 жылы Токиода өткен Олимпиададан кейінгі бірінші жекпе-жек болды, ол қола медаль жеңіп алған болатын. Енді оның еншісінде кәсіби рингте төрт жеңісі бар. Уорд үшін бұл екінші жеңіліс болды. Ол 13 жекпе-жекте жеңіске жеткен.
Сондай-ақ, бокс кешінде жеке кездесуде қазақстандық Сұлтан Зәуірбек ұлыбританиялық Райан Уилерді алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, екінші жеңіл салмақтағы WBO European белбеуін қорғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!