Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола медаль иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола медаль иеленді Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен ол жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты. Үшінші раундта қазақстандық боксшының қабағы жарылып, Торрес техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді.  

Бұған дейін Қоңқабаев ширек финалда ресейлік Иван Верясовтен басым болған еді. Ал 1/8 финалда мысырлық Есри Мұстафа Резкті сенімді жеңген болатын. 

28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети