Канадада өткен бокс кешінің андеркартында қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канадада өткен бокс кешінің андеркартында қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта жеңді © lesoleil.com

Квебекте (Канада) өткен Давид Лемье - Карим Ашур жекпе-жегі шеңберінде қазақстандық екі боксшы кездесу өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Квебекте (Канада) өткен Давид Лемье - Карим Ашур жекпе-жегі шеңберінде қазақстандық екі боксшы кездесу өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

20 жастағы Садриддин Ахмедов аргентиналық Ариэль Алеханро Зампедримен жұдырықтасты. Бірінші орта салмақ дәрежесі бойынша төрт раундқа есептелген жекпе-жек бірінші раундта уақытынан бұрын, қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Бұл Ахмедов үшін кәсіби бокстағы екінші жеңіс. 

Тағы бір қазақстандық, 24 жастағы Нұрзат Сабиров кәсіби рингте алтыншы кездесуін өткізді. Бұл жолы ол мексикалық Роландо Паредеспен жұдырықтасты. Жартылай ауыр салмақ дәрежесі бойынша өткен кездесу алты раундқа жалғасты, нәтижесінде қазақстандық жеңіске жетті - 60:54, 60:54, 60:54. Қазақстандық боксшының қоржынында алты жеңіс бар, ол барлығы алты жекпе-жек өткізген, ал Паредес осымен жетінші рет жеңіліп отыр, сонымен қатар, оның қоржынында 13 жеңіс болса, екі рет тең түскен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети