Канадалық боксшы Борат жайлы әзілі үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канадалық боксшы Борат жайлы әзілі үшін кешірім сұрады "Борат" фильмінің кадры, фото:facebook.com/stuart.mclellan.35

Канадалық боксшы Стюарт МакЛеллан алдағы қарсыласы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек алдындағы әзілі үшін қазақстандық фанаттардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канадалық боксшы Стюарт МакЛеллан алдағы қарсыласы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек алдындағы әзілі үшін қазақстандық фанаттардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұған дейін МакЛеллан Facebook желісіндегі парақшасында Әлімханұлы Борат бейнесінде көрсетілген фотоколлаж жариялаған еді. Алайда канадалық боксшы қатесін түсініп, кешірім сұрады. 

"Барша қазақстандық жанкүйерден кешірім сұраймын. Бораттың суреті олар үшін тіл тигізу болып саналатынын білген жоқпын. Алдарыңызда шын жүректен кешірім сұраймын. Бүкіл елді емес, қарсыласымды әжуалағым келді", - деді ол.

МакЛеллан - Әлімханұлы жекпе-жегі 17 тамызда Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасында өтеді. Кездесу он раундқа жоспарланған. 

Кездесуді тікелей эфирде QazSport телеарнасы көрсетеді. Қазақстандық уақытпен жекпе-жек 18 тамызда таңда болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети