Қанат Ислам 27 нокауты бар әлем чемпионына ықтимал қарсыластар тізіміне енді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram.com/islamkanatqazaq © instagram.com/islamkanatqazaq

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгияның (34-0, 27 КО) келесі жекпе-жегіндегі ықтимал қарсыластар тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгияның (34-0, 27 КО) келесі жекпе-жегіндегі ықтимал қарсыластар тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz

23 жастағы Мунгия рингке келесі жылы 11 қаңтарда Сан-Антониода (Техас штаты, АҚШ) оралады. Мексикалық боксшы титулын алтыншы рет қорғап қалуға тырысады. Қарсыласы әзірше белгісіз. 

30 қарашада WBO рейтингінің бірінші нөмірі Карлос Адамес пен екінші нөмірі Патрик Тейшейра арасындағы кездесуде Мунгияның титулына міндетті үміткер анықталады. Бірақ бұл жекпе-жектің жеңімпазы қаңтарда чемпионға қарсы шыға алмайтыны анық. 

Осыған байланысты Boxingnews24.com Мунгияға ықтимал қарсыластар тізімін жасады. Оған Қанат Исламнан бөлек Джефф Хорн, Уолтер Каутондоква, Лиам Уильямс, Имманувел Алим, кіші Уго Сентено, Энтони Фаулер, Брэндон Адамс бар. 

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін қазанда Алматыда өткізген. Қазақстандық боксшы намибиялық Уолтер Каутондокваны төрешілер шешімімен жеңіп, орта салмақта WBO International титулын қорғап қалған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro