Қанат Ислам чемпиондық атағын қорғап қалды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Канат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық спортшы Уолтор Каутондокваны (18-1, 17 КО) жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Канат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық спортшы Уолтор Каутондокваны (18-1, 17 КО) жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 26 қазанда Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінде олар WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты. 10 раундқа созылған жұдырықтасу қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті Канат Исламға берді.

Алғашқы раундтарда қос боксшы бір-бірін зерттесе, үшінші, төртінші раундтарда шабуыл жасауға кірісті. Бесінші раундта Қанат Ислам жойқын соққы жұмсап, Уолтор Каутондокваны нокдаунға түсірді. Бірақ намибиялық спортшы бірден есін жиып, жекпе-жекті жалғастырды.

Алтыншы, жетінші және сегізінші раундта намибиялық боксшы айқын басымдық танытты. Сол уақытта Қанат Исламды қолдау үшін жанкүйерлер Қазақстан әнұранын айтты.

Тоғызыншы және соңғы раундта отандасымыз бар күш-жігерін жинап жылдамырақ қимылдай бастады. Десе де екі боксшының да шаршағаны байқалды.

Еске салсақ, салмақ өлшеу рәсімінде Қанат Ислам қарсыласынан жеңіл болып шыққан - 71,900 келі, ал Каутондоква таразыда 71,950 келіні көрсеткен. Айта кетелік, 34 жастағы Уолтор Каутондокваның бойы 35 жастағы Қанат Исламнан 10 сантиметрге ұзын болды.

Мұның алдында Қанат Исламның (26-0, 21 КО) менеджері Нельсон Лопес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жекпе-жек ұйымдастыру мақсаты туралы айтқан еді.

"Қазір сегізінші орындамыз, бірақ, бірінші болғымыз келеді. Басты мақсат осы. Бәрін жеңуге даярмыз. Бүгін Уолтермен, ал ертең "Канеломен" жұдырықтасып, оны жеңеміз. Оны Қазақстанға алып келеміз. Головкиннің қолынан келмегенді жасаймыз. "Канелоның" артынан кез келген салмақа баруға дайынбыз. Супер ортада болса, сол дивизионға барамыз. Жетеміз де, басым боламыз. Қазақ еліне осы жекпе-жекті сыйлаймыз", - деген Лопес.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro