14 қараша 2017 | 10:51

Қанат Ислам чемпиондық белбеу үшін қашан жекпе-жек өткізеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© worldboxingnews.net © worldboxingnews.net

ESPN басылымының тілшісі Фернандо Барбоза Vesti.kz порталына Қанат Ислам (25-0, 20 КО) мен бірінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Лиам Смит (26-1-1, 14 KO) арасындағы кездесудің қашан өтетінін айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

ESPN басылымының тілшісі Фернандо Барбоза Vesti.kz порталына Қанат Ислам (25-0, 20 КО) мен бірінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Лиам Смит (26-1-1, 14 KO) арасындағы кездесудің қашан өтетінін айтып берді.

"Егер WBO белбеуінің қазіргі иегері Мигель Кото Садам Әлиді жеңіп, карьерасын аяқтайтын болса, онда оның чемпиондық белбеуі бос қалады. Бұл жағдайда WBO кеңесі бірінші орта салмақта чемпиондық жекпе-жек ұйымдастыруы керек. Менің ақпаратым бойынша, бұл Қанат Ислам мен Лиам Смит арасындағы кездесу. Ол 2018 жылы Ұлыбританияда өтеді", - деді Барбоза.

Айта кетейік, Лиам Смит 2016 жылдың 17 қарашасында Арлингтон (АҚШ) қаласында Сауль "Канело" Альварестен (49-1-2, 34 КО) жеңіліп, бірінші орта салмақтағы WBO белбеуінен айырылып қалды.

Бұған дейін Қанат Исламның командасы болса бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы британдық боксшы Келл Брукпен (36-2, 25 КО) кездесуге дайын екенін айтты. Бірақ кейіннен Бруктың командасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

33 жастағы Қанат Ислам қазіргі уақытта бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері. Ол соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астанада өткізіп, канадалық Брэндон Куктан үстем түсті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети