Ұлыританиялық MMA Plus спорттық порталының тілшісі Бен Смит Vesti.kz порталының тілшісіне жартылай орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Келл Брук (36-2, 25 КО) пен бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) арасындағы кездесудің өтуі қаншалықты мүмкін екенін айтып берді.
Ұлыританиялық MMA Plus спорттық порталының тілшісі Бен Смит Vesti.kz порталының тілшісіне жартылай орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Келл Брук (36-2, 25 КО) пен бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) арасындағы кездесудің өтуі қаншалықты мүмкін екенін айтып берді.
"Брук бұрынғыдай мықты емес. Головкин мен Спенске қарсы кездесуде денсаулығына біраз зардап тиді. Сондықтан да Брук өзіне қолайлы бірінші орта салмаққа қайта ауысты. Бұл жерде ол жақсы өнер көрсетуі мүмкін. Котто карьерасын аяқтағаннан кейін WBO белбеуі бос қалады. Ал Андраденің орта салмаққа ауысқан Келлге қандай да бір белбеу жеңіп алуға мүмкіндік ашып отыр. Бұл салмақта Брукқа Чарло, Лара және Херд бәсекелес болады. Басқа боксшылардың деңгейін орташа деп айтуға болады", - дейді Смит.
Тілшінің Келл Брук пен Қанат Ислам арасындағы кездесу өтуі мүмкін бе? - деген сұрағына ұлыбританиялық маман былай деп жауап берді: "Иә. Қанат Ислам Келл Брук үшін бірінші орта салмаққа бойын үйрету үшін жақсы қарсылас болар еді. Жалпы негізі WBO белбеуіне үміткер барлық боксшылар Брук үшін мықты қарсылас болады. Бірақ оның алдағы қарсыласы кім болатынын білмеймін. Дегенмен оның келесі кездесуі Ұлыбританияда өтетініне сенімдімін".
Еске салайық, 2016 жылдың қыркүйек айында Брук орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO белбеулерінің иерегрі қазақстандық Геннадий Головкинмен кездескен. Ол жекпе-жек Лондон қаласында өтіп, GGG бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осы кездесуде Брук көзін жарақаттап алған еді.
Ал өзінің соңғы кездесуін Брук америкалық Эррол Спенске (27 мамыр) қарсы өткізіп, 11 раундта нокаутпен жеңіліс тапты. Бұл кездесуде британдық боксшы тағы да көзін жарақаттап алды. Осы кездесуден кейін Брук біржолата бокстан кетемін дегенді айтты. Бірақ кейін ол командасымен ақылдасып, карьерасын жалғастыратын болды. Енді оның келесі кездесуі 2017 жылдың соңында өтуі мүмкін.
Айта кетейік, 33 жастағы Қанат Ислам қазіргі уақытта бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері. Ол соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астанада өткізіп, канадалық Брэндон Куктан үстем түсті.