Кеше ғана намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңген қазақстандық боксшы Қанат Ислам соңғы төрт раундта сынған қолмен жұдырықтасқан. Бұл туралы Vesti.kz порталына боксшының командасы айтты.
Кеше ғана намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңген қазақстандық боксшы Қанат Ислам соңғы төрт раундта сынған қолмен жұдырықтасқан. Бұл туралы Vesti.kz порталына боксшының командасы айтты.
26 қазанда Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінің басты кездесуінде қос боксшы WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты. 10 раундқа созылған жұдырықтасу қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті (97-92, 97-92 және 99-92) Канат Исламға берді. Кездесудің бесінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Жекпе-жектің толық видеосын мына жерден көре аласыздар.
Боксшының командасының өкілдері жетінші раундынан бастап Қанат Ислам жекпе-жекті шынашағы сынғанына қарамастан жұдырықтасқан. Сол себепті ол қарсыласына ауыр соққы дарыта алмаған. Жекпе-жектен соң боксшының қолына гипс салған.