Қанат Ислам келесі жекпе-жегі өтетін күнді атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қанат Ислам келесі жекпе-жегі өтетін күнді атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегін қаңтар айының ортасында Қытайда өткізеді. Спортшының айтуынша, екі тарап таяуда келісімге қол қояды.
"Келесі айда Қытайда жекпе-жек өтеді. 10-15 күннің ішінде барлық мәселе шешіледі деп үміттенемін және мен сол жекпе-жек туралы ғана ойлаймын. Жоспарлар осы. Демалыс пен үзіліске уақыт жоқ. Жұмыс көп. Жекпе-жекті желтоқсан айында өткізуді жоспарлағанбыз, бірақ бір себептермен ұзартылды", - деді Қанат Ислам.
Ал кездесу өтетін нақты күн туралы сұраққа ол: "Бәрі дұрыс болса, 15 қаңтарда рингке ораламын", - деп жауап берді. Сонымен қатар, ол келесі жылы Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін атап өтті, ол жылдың екінші жартысында ұйымдастырылуы ықтимал.