ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2019 | 14:23
Қанат Ислам Президентке алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды.
Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram-аккаунтында Қанат Исламмен бірге жұдырығын түйіп тұрып түскен суретін жариялаған болатын. Мемлекет басшысы сол кезде боксшыға алдағы жекпе-жектерінде сәттілік тілеген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еліміздің мақтанышы, қазақтың намысты да қайсар ұлы Қанат Ислам. Алда өткізетін жекпе-жектеріне сәттілік тіледім. ........... Канат Ислам - наша гордость. Он с честью представляет Казаxстан на международной арене. Пожелал удачи в предстоящих боях.
Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online) 22 Май 2019 в 8:58 PDT
Показать комментарии
Читайте также