19 шілде 2019 14:23

Қанат Ислам Президентке алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам мен Қасым-Жомарт Тоқаев. © Ақорда Қанат Ислам мен Қасым-Жомарт Тоқаев. © Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды.

Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram-аккаунтында Қанат Исламмен бірге жұдырығын түйіп тұрып түскен суретін жариялаған болатын. Мемлекет басшысы сол кезде боксшыға алдағы жекпе-жектерінде сәттілік тілеген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети