17 наурыз 2016 15:53

Қанат Ислам Рио Олимпиадасына қатысуға дайын екенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. © kaztv.kaztrk.kz Қанат Ислам. © kaztv.kaztrk.kz

Қазақстанның танымал боксшысы Қанат Ислам Рио Олимпиадасына қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол "Ойшоғыр" сайтына берген сұхбатында мәлімдеді. 


Қазақстанның танымал боксшысы Қанат Ислам Рио Олимпиадасына қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол "Ойшоғыр" сайтына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Боксшы қазіргі уақытта АҚШ-та келесі жекпе-жегіне дайындалып жатқанын, кездесудің 8 сәуірде өтетінін хабарлады. "Әрине мен үшін олимпиаданың орны бөлек. АҚШ-та да көк туды желбірету үшін жүрмін ғой. Бірақ олимпиада ойындарында әнұранды ойнату ол бөлек нәрсе. Ол бөлек қуаныш. Қазір менің салмағымда Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы інілерім өнер көрсетіп жүр. Екеуі де жақсы жігіттер. Олар бокс әлемінің жарық жұлдызына айналатынына сенемін. Тілекшімін. Шынымды айтсам, сол екі інімнің жолын кескім келмейді. Әрине, маңдайға жазғаны болады. Егер, Қанат олимпиадаға елдің атынан сен баруың керек десе, мен дайынмын. Бәрін тастап баруға әзірмін. Биылғы дода өте тартысты болмақ, олимпиадада өнер көрсететін бауырларыма тек сәттілік тілеймін. Көк туды желбіретіп, ел қоржынына көп алтын салады деп сенемін", - деді ол. 

Айта кетейік, осыған дейін Қанат Исламның Қазақстанда чемпиондық кездесу өткізгісі келетінін айтқаны хабарланған еді. Биыл ол 4-5 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Еске салайық, 31 жастағы Қанат Ислам Флойд Мейвезердің менеджері Эл Хэймонмен келісімшарт жасасқан еді. Сонымен қатар, Қанат Исламның келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін екендігі хабарланды. Қанат Ислам кәсіпқой бокста 20 кездесу өткізіп, оның барлығында да жеңіске жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети