Қанат Ислам WBC рейтингінде жоғары көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам WBC рейтингінде жоғары көтерілді Фото: instagram.com/kanat_islam_team

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ бойынша жаңартылған рейтингтің тізімін жариялады, - деп жазады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ бойынша жаңартылған рейтингтің тізімін жариялады, - деп жазады Vesti.kz.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты рейтингтегі көптеген қазақстандық боксшы жыл басынан бері кездесу өткізген жоқ. Бірақ оған қарамастан рейтингте жоғары орындарда тұр. 

Польшалық боксшы Камиль Соколовскиді жеңген ауыр салмақтағы боксшымыз Жан Кособуцский рейтингке қосылып, 39-орынға жайғасыпты. 

Екінші орта салмақта WBC International Silver белбеуінің иегері Али Ахмедов 14-орыннан, 13-орынға көтерілген. Ал WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерінің иегері Айбдос Ербосынұлы болса 24-сатыдан 15-сатыға бірақ көтерілген.  

WBC Continental Americas және WBO Global чемпионы орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы орында қалса, осы салмақта сынға түсетін USNBC белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов 19-орыннан 20-орынға төмен түскен. 

Бірінші орта салмақта сынға түсетін Қанат Ислам мен Садриддин Ахметов бір саты көтерілген. Ислам 23-орынға, Ахметов-26 орынға жайғасыпты. 

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов 33-орыннан 29-орынға жоғарылапты. 

Батыр Жүкембаев болса жартылай орта салмақты рейтингінде оныншы орнын сақтап тұр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети